Қатысушылар ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қатысы жоқ және БҚТ тізбесінде көзделмеген офлайн-қызметтер мен ілеспе коммерциялық қызметтен табыс алған.
Мысал: цифрлық платформа, автоматтандыру және оқытуды басқару жүйесін қолданбай тіл, бухгалтерия және аспаздық курстарын өткізу.
Мәлімделген ІТ-өнімдер қатысушыда айрықша мүліктік құқықтары жоқ үшінші тарап шешімдері негізінде құрылған.
Мысал: әзірлеу кезеңінсіз және айрықша мүліктік құқықтарды растайтын құжаттарсыз бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу және жетілдіру қызметтерін көрсету.
Мәлімделген цифрлық өнімдер техникалық тұрғыда іске асырылмаған: бағдарламалық модульдер, автоматтандыру және ІТ-инфрақұрылым болмаған.
Мысал: нақты платформа немесе бағдарламалық өнімсіз, кестелер, мессенджерлер және пошта арқылы қолмен жұмыс істейтін сервистер.

















